Қазақша
Дүйсенбі, 6 Желтоқсан 2021 ж. 17:1243
 
Вернуться к ценовым предложениям
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2021-02-23 09:00:00

Орталықтан басқарылатын аппараттық қуатты виртуалдандырудың бағдарламалық жүйесіне арналған лицензияларды сатып алу

Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын тауардың атауы: орталықтан басқарылатын аппараттық қуатты виртуалдандырудың бағдарламалық жүйесіне арналған лицензия.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС-ті есептемегенде, 10 211 607 теңге 10 тиын (он миллион екі жүз он бір мың алты жүз жеті теңге он тиын).

Тауардың саны: 5 (бес) дана.

5. Тауарларды жеткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28-үй немесе Тапсырыс берушінің орналасқан жерінің мекенжайы/нақты орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген жағдайда өзге мекенжайлар.

6. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі: Сатып алу туралы Шарт күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы Шарт жобасына қосымшада.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімі: – Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2021 жылғы "23" ақпан сағат 09:00-ден бастап 2021 жылғы "01" наурыз 18:00 cағатқа дейін.

10. Баға ұсыныстарын ашудың орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша 2021 жылғы "02" наурыз 10 сағат 00 минут.

11. Қолайлы шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: хабарландыру мәтініне қоса тіркеледі (сатып алуды өткізу туралы хабарландыруға № 2 қосымша).

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және почталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және почталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетуі тиіс.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін ұсыну құқығымен өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не анықтама не талон;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.

22.02.202116:56

Орталықтан басқарылатын аппараттық қуатты виртуалдандырудың бағдарламалық жүйесіне арналған лицензияларды сатып алу туралы хабарландыруОрталықтан басқарылатын аппараттық қуатты виртуалдандырудың бағдарламалық жүйесіне арналған лицензияларды сатып алу туралы хабарландыру (69 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу