Қазақша
Жексенбі, 28 Қараша 2021 ж. 20:2522
 
Вернуться к ценовым предложениям
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2021-02-16 09:00:00

Офистік бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензияны сатып алу

Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын тауардың атауы: офистік бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензия.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС-ті есептемегенде, 8 928 571 теңге 40 тиын (сегіз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге қырық тиын).

Тауардың саны: 35 (отыз бес) дана.

5. Тауарларды жеткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28-үй немесе Тапсырыс берушінің орналасқан жерінің мекенжайы/нақты орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген жағдайда өзге мекенжайлар.

6. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі: Сатып алу туралы Шарт күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы Шарт жобасына қосымшада.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімі: – Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2021 жылғы "16" ақпан сағат 09:00-ден бастап 2021 жылғы "22" ақпан 18:00 cағатқа дейін.

10. Баға ұсыныстарын ашудың орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша 2021 жылғы "23" ақпан 10 сағат 00 минут.

11. Қолайлы шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: хабарландыру мәтініне қоса тіркеледі (сатып алуды өткізу туралы хабарландыруға № 2 қосымша).

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және почталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және почталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетуі тиіс.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін ұсыну құқығымен өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не анықтама не талон;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.

15.02.202110:51

Офистік бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензияны сатып алу туралы хабарландыруОфистік бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензияны сатып алу туралы хабарландыру (69 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу