Қазақша
Жексенбі, 28 Қараша 2021 ж. 20:3834
 
Вернуться к ценовым предложениям
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2020-11-26 09:00:00

Пошта байланысы қызметін сатып алу

Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы: почта байланысы қызметі.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС-ті қоспағанда, 10 995 535 теңге 71 тиын (он миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың бес жүз отыз бес теңге жетпіс бір тиын).

4. Қызмет саны (көлемі) : бір қызмет.

5. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Самал-1 ы/а, 28-үй, Сатпаев к-сі, 30/8; Нұр-Сұлтан қ,, Иманов к-сі, 13, 101-офис немесе өзге мекенжайлар бойынша (Тапсырыс берушінің орналасқан жерінің мекенжайы/нақты орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген жағдайда).

6. Қызмет көрсету талап етілетін мерзімдері: шарт күшіне енген күннен бастап, бірақ 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қоса алғанда.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы шарт жобасының қосымшасында.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: Әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімдері: –Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2020 жылғы "26" қараша сағат 09:00-ден бастап 2020 жылғы "03" желтоқсан 18:00 cағатқа дейін қоса алғанда.

10. Баға ұсыныстарын ашудың орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша 2020 жылғы 04 желтоқсан 10 сағат 00 минут.

11. Қолайлы шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: хабарландыру жобасына қоса беріледі (сатып алуды өткізу туралы хабарландыруға №2 қосымшада).

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін ұсыну құқығымен өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, қызметті көрсету жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не анықтама не талон;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.


25.11.202018:03

Пошта байланысы қызметін сатып алу туралы хабарландыруПошта байланысы қызметін сатып алу туралы хабарландыру (70 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу