Қазақша
Сәрсенбі, 1 Желтоқсан 2021 ж. 15:5921
 
Вернуться к ценовым предложениям
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2020-11-24 09:00:00

Телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу

Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:

№1 лот. Алматы қ. Медеу және Бостандық аудандарында орналасқан ОД офистері үшін резервтік байланыс каналын ұйымдастыру үшін деректерді телекоммуникациялық, сымсыз желілермен беру қызметі;

№2 лот. Алматы қ. Медеу ауданында орналасқан ОД офисі үшін резервтік байланыс каналын ұйымдастыру үшін деректерді сымсыз желілермен беру қызметі;

№3 лот. Қаскелең қ. орналасқан ОД офисі үшін резервтік байланыс каналын ұйымдастыру үшін деректерді телекоммуникациялық, сымсыз желілермен беру қызметі;

№4 лот. Алматы қ. Бостандық ауданында және резервтік орталықта орналасқан ОД офистерінің арасында резервтік байланыс каналын ұйымдастыру үшін деректерді телекоммуникациялық желілермен беру қызметі

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома:

№1 лот. ҚҚС-ті есептемегенде, 2 182 660 теңге 71 тиын (екі миллион жүз сексен екі мың алты жүз алпыс теңге жетпіс бір тиын);

№2 лот. ҚҚС-ті есептемегенде, 4 244 062 теңге 50 тиын (төрт миллион екі жүз қырық төрт мың алпыс екі теңге елу тиын);

№3 лот. ҚҚС-ті есептемегенде, 3 273 991 теңге 07 тиын (үш миллион екі жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз тоқсан бір теңге жеті тиын);

№4 лот. ҚҚС-ті есептемегенде, 2 425 178 теңге 57 тиын (екі миллион төрт жүз жиырма бес мың жүз жетпіс сегіз теңге елу жеті тиын).

4. Қызмет саны (көлемі) :

№1 лот. Бір қызмет;

№2 лот. Бір қызмет;

№3 лот. Бір қызмет;

№4 лот. Бір қызмет.

5. Қызмет көрсету орны:

№ 1 лот. Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28-үй;

№ 2 лот. Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Сәтбаев к-сі, 30/8 үй;

№ 3 лот. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Сәукеле к-сі, 101-құр.;

№ 4 лот. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Сәукеле к-сі, 101-құр., серверлік үй-жайы, 1-қабат.

6. Қызмет көрсету талап етілетін мерзімдері:

№ 1 лот. Шарт күшіне енген күннен бастап, алайда 2021 жылғы 1 қаңтардан бері 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін;

№ 2 лот. Шарт күшіне енген күннен бастап, алайда 2021 жылғы 1 қаңтардан бері 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін;

№ 3 лот. Шарт күшіне енген күннен бастап, алайда 2021 жылғы 1 қаңтардан бері 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін;

№ 4 лот. Шарт күшіне енген күннен бастап, алайда 2021 жылғы 1 қаңтардан бері 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы шарт жобасының қосымшасында.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: Әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімдері: – Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28 мекенжайына.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2020 жылғы "24" қараша сағат 09:00-ден бастап 2020 жылғы "30" қараша 18:00 cағатқа дейін қоса алғанда.

10. Баға ұсыныстарын ашудың орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша 2020 жылғы "02" желтоқсан 10 сағат 00 минут.

11. Маңызды шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: хабарландыру жобасына қоса беріледі (сатып алуды өткізу туралы хабарландыруға №2 қосымшада).

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін ұсыну құқығымен өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, қызметті көрсету жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.

23.11.202015:54

Телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу туралы хабарландыруТелекоммуникациялық қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру (75 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу