Қазақша
Сәрсенбі, 1 Желтоқсан 2021 ж. 14:5119
 
Вернуться к ценовым предложениям
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2019-06-05 09:00:00

Автоматты газ өрт сөндіру жүйесін көшіру бойынша қызметтер

Хабарландыру орналастыру арқылы бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен автоматты газ өрт сөндіру жүйесін көшіру бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарландыру

1. "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), 050051, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автоматты газ өрт сөндіру жүйесін көшіру бойынша қызметін сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлайды.

2018 жылғы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті сатып алу жоспарына сәйкес жолдың нөмірі Сатып алатын қызметтің атауы Өлшем бірлігі Саны, көлемі ҚҚС қоспағанда бірліктің бағасы (теңге) ҚҚС қоспағанда сатып алу үшін бекітілген жалпы сома (теңге)
211  Автоматты газ өрт сөндіру жүйесін көшіру бойынша қызметтер Бір қызмет 1,00  230 547,00  230 547,00 

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Автоматты газ өрт сөндіру жүйесін көшіру бойынша қызметін сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданды (бұйрықтың қосымшасы қоса беріледі).

3. Қосымша ақпаратты мына телефонға хабарласып: 8 (7272) 262–08–46 (351) немесе электрондық почтаға сұрату жіберіп, алуға болады.

21.06.201910:50

Хабарландыру орналастыру арқылы бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен автоматты газ өрт сөндіру жүйесін көшіру бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарландыруХабарландыру орналастыру арқылы бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен автоматты газ өрт сөндіру жүйесін көшіру бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарландыру (53 KB)

21.06.201910:50

2019 жылғы 20 маусымдағы Бағалы қағаздар орталық депозитарийі АҚ-ның 2019 жылға арналған Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына № 15 өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі2019 жылғы 20 маусымдағы Бағалы қағаздар орталық депозитарийі АҚ-ның 2019 жылға арналған Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына № 15 өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі (826 KB)

21.06.201910:50

Бағалы қағаздар орталық депозитарийі АҚ-ның 2019 жылға арналған Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына № 15 өзгерістер мен толықтыруБағалы қағаздар орталық депозитарийі АҚ-ның 2019 жылға арналған Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына № 15 өзгерістер мен толықтыру (311 KB)

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы: Автоматты газ өрт сөндіру жүйесін көшіру бойынша қызметтер.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: 230 547 (екі жүз отыз мың бес жүз қырық жеті) теңге 00 тиын, ҚҚС-ті қоспағанда.

4. Қызмет саны (көлемі) : Бір қызмет.

5. Қызмет көрсету орны: 1) Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сатпаев к-сі, 30/8-үй, бірінші қабат, Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинеті; 2) Қазақстан Республикасы, Самал-1 ы/а, 28-үй, екінші қабат, жүйелік басқару бөлімінің коммутациялық үй-жайы (сақтау бөлмесі).

6. Қызмет көрсету талап етілетін мерзімдері: Шарт жасалған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы шарт жобасының қосымшасында.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: Әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімдері: – Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2019 жылғы "5" маусым сағат 09:00-ден бастап 2019 жылғы "11" маусымдағы 18:00 cағатқа дейін.

10. Баға ұсыныстарын ашудың орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша 2019 жылғы "12" маусым 10 сағат 00 минут.

11. Қолайлы шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: хабарландыру жобасына қоса беріледі (сатып алуды өткізу туралы хабарландыруға №2 қосымшада).

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін ұсыну құқығымен өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, қызметті көрсету жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің http://www.kacd.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.

04.06.201916:43

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруёБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруё (69 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу