Қазақша
Дүйсенбі, 6 Желтоқсан 2021 ж. 18:2241
 
Вернуться к ценовым предложениям
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2018-05-05 09:00:00

"Ақпарат беретін тұлғаның жеке кабинеті" веб қосымшаның қорғалуын талдау қызметтерін сатып алу

Хабарландыру орналастыру арқылы бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарландыру

1. "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), 050051, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен "Ақпарат беретін тұлғаның жеке кабинеті" веб-қосымшаның қорғалуын талдау қызметін сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарлайды.

2018 жылғы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті сатып алу жоспарына сәйкес жолдың нөмірі Сатып алатын қызметтің атауы Өлшем бірлігі Саны, көлемі ҚҚС-ті қоспағанда, бірліктің бағасы (теңге) ҚҚС-ті қоспағанда, сатып алу үшін бекітілген жалпы сома (теңге)
294  "Ақпарат беретін тұлғаның жеке кабинеті" веб-қосымшаның қорғалуын талдау қызметі Бір қызмет 1,00  4 404 157,14  4 404 157,14 

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес "Ақпарат беретін тұлғаның жеке кабинеті" веб-қосымшаның қорғалуын талдау қызметін сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданды (бұйрықтың қосымшасы қоса беріледі).

3. Қосымша ақпаратты мына телефонға хабарласып: 8 (7272) 262–08–46 (135) немесе электрондық почтаға сұрату жіберіп, алуға болады.

Хабарландыру орналастыру арқылы бағалық ұсынысты сұрату әдісімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), 050051, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28, хабарландыру орналастыру арқылы бағалық ұсынысты сұрату әдісімен "Ақпарат беретін тұлғаның жеке кабинеті" веб қосымшаның қорғалуын талдау қызметтерін көрсету бойынша сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және көзделген сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Өлшем бірлігі: бір қызмет.

3. ҚҚС-ті қоспағанда, сатып алу үшін бекітілген бір өлшем бірлігінің бағасы: 4 404 157 теңге 14 тиын.

4. Сатып алу үшін бөлінген жалпы сома: 4 404 157 теңге 14 тиын.

5. Сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасы: "Ақпарат беретін тұлғаның жеке кабинеті" веб қосымшаның қорғалуын талдау қызметі.

6. Сатып алынатын тауарларға техникалық ерекшелік: сатып алынатын тауардың техникалық ерекшелігі сатып алынатын тауардың техникалық ерекшелігінде жеке көзделген. Әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті тапсыруы міндетті.

7. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Самал-1 ы/а, 28.

8. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі: Сатып алу шарт жобасында көрсетілген.

9. Әлеуетті жеткізушілердің бағалық ұсынысты берудің басталу және аяқталу мерзімі: 2018 ж. "5" мамыр 09:00 сағ. бастап 2018 ж. "15" мамыр 18:00 сағ. дейін.

10. Бағалық ұсыныстарды ашу күні мен уақыты: 2018 ж. "16" мамыр сағат 10:00.

11. Төлем шарты: төлем шарты сатып алулар туралы шарт жобасында көрсетілген.

12. Маңызды шарттар, оның ішінде техникалық шарттар көрсетілген шарт жобасы: маңызды шарттар көрсетілген шарт жобасы жеке құжат ретінде қоса берілген.

13. Әлеуетті жеткізушілердің бағалық ұсынысты беру орны: 050051, Алматы қ., Самал-1 ы/а., 28, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, тел.: 262–08–46, ішкі 351.

Қосымша ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші қоса берілген нысан бойынша әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болғанда) бекітілген тек бір ғана бағалық ұсыныс береді, онда мынадай мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс:

1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;

2) көрсетілетін қызметтің атауы, сипаттамасы мен көлемі;

3) көрсетілетін қызметтің орны мен мерзімі;

4) бір бірлік бағасы және қызмет көрсетуге байланысты оған енгізілген шығындармен бірге қызметтің жалпы бағасы;

5) әлеуетті жеткізушілер қол қойған техникалық ерекшелік.

Әлеуетті жеткізуші ұсынған бағалық ұсынысқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Әлеуетті жеткізуші ұсынған бағалық ұсыныстар оның шарт жобасында, сондай-ақ техникалық ерекшелікте қарастырылған талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру түрі болып табылады.

2. Бағалық ұсынысты әлеуетті жеткізушілер беттік жағында көрсетілген конверттерді ашу рәсімі басталған уақытқа дейін желімделген конвертпен береді:

1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық (заңды) мекенжайы;

2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алулар туралы хабарламада көзделген мәліметтерге сай келетін толық атауы және пошталық мекен-жайы;

3) әлеуетті жеткізушінің бағалық ұсынысы берілетін сатып алуға қатысу үшін тауардаржы сатып алудың атауы.

3. Бағалық ұсыныс бар конвертті беретін әлеуетті жеткізушінің өкілі өзінің өкілеттігін құжаттамалық (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат) куәландыруы тиіс.

4. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылады.

5. Шартқа қол қойған кезде Жеткізуші мынадай құжаттар көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген анықтама;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· банктен жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген анықтама;

· жеке куәлігі;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

6. Жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізушінің тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) сатып алулар туралы қол қойылған шартты берудің талап етілетін мерзімі – тапсырыс беруші қол қойған шарт жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні.

25.05.201817:14

Хабарландыру орналастыру арқылы бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарландыруХабарландыру орналастыру арқылы бағалық ұсыныстарды сұрату әдісімен сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарландыру (53 KB)

04.05.201816:22

Ақпарат беретін тұлғаның жеке кабинеті веб қосымшаның қорғалуын талдау қызметтерін сатып алу туралы хабарландыруАқпарат беретін тұлғаның жеке кабинеті веб қосымшаның қорғалуын талдау қызметтерін сатып алу туралы хабарландыру (51 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу