Қазақша
Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2020 ж. 20:2916
 
Вернуться с закупкам
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2019-06-26 11:00:00

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның 2019 жылға қаржылық есептілік аудитін өткізу бойынша қызметтер

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның 2019 жылға қаржылық есептілік аудитін өткізу бойынша қызметтер

Сатып алуды ұйымдастырушы — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – ОД), почталық және электронды мекенжайы: Самал-1 ы/а, 28, OzbakanоvA@kacd.kz келесідей қызметті сатып алу бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды: 2019 жылға ОД қаржылық есептілігі аудитін өткізу бойынша қызметтер.

Тендер шарты:

1. Қызметті сатып алу бойынша аталған тендер (лот) үшін бөлінген сомасы көрсетілетін қызмет мөлшері ҚҚС-ті есептемегенде, 7 142 857 (жеті миллион жүз қырық екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге 15 тиынды құрайды, сатып алу көлемі – бір қызмет.

2. Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекшелігі (4 (төрт) бет)

3. Маңызды шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы (10 (он) бет) (осы хабарландыруға № 2 қосымша).

4. Қызмет Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша көрсетіледі, сатып алу көлемі – бір қызмет.

5. Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімі: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ жоғары органы болып, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде Жеткізушіні анықтаған күннен бастап.

Аудиторлық рәсімдерді жүргізу мерзімі Техникалық ерекшеліктің 4-тармағына сәйкес.

Тендерлік өтінімдерді сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне әдейілеп немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 Әкімшілік-шаруашылық кабинеті мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалану арқылы береді (жібереді).

6. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 11 сағат 00 минутқа дейін, күні 2019 жылғы 10 шілде, тендердік өтінімдерді тапсыру орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

7. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайында Орталық депозитарийдің Президентінің кабинетінде 2019 жылғы
10 шілде 12 сағат 00 минутта ашылады.

8. Тендер шартын түсіндіру қажеттігі кезінде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы 4 шілде 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілер сұратуды сатып алуды ұйымдастырушының келесідей деректемесіне жіберулері қажет: тел: 262–08–46 (ішкі 351), электрондық почта мекенжайы: OzbakanоvA@kacd.kz; почталық (заңды) мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

9. Орталық депозитарий сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тендер шартының түсіндірме мәтінін тендер әдісімен Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына жариялайды;

2) тендер шартының түсіндірме мәтінін электрондық почта бойынша сұратудың кімнен түскенін көрсетусіз тендер шартына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге жібереді.

10. Орталық депозитарий 2019 жылғы 5 шілдеде 18 сағат 00 минутта жеке бастама бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәтінді Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына немесе электрондық сатып алуды өткізген кезде тендер әдісімен сатып алу порталына орналастырады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде Қағиданың[1] 50-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырады.

.

Тендерлік өтінімді Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде тендерге бөлінген сомадан 1% (бір процент) мөлшерінде немесе Орталық депозитарийдің банктік шотына төмендегідей деректемелер бойынша енгізілетін кепілдік ақша жарнасы жолымен қамтамасыз ету:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

БСН 970740000154

050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй

ЖСК: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкісінде KZ706010131000043597

БСК HSBKKZKX

КБе 15.

Қосымша ақпаратты мынадай телефоннан алуға болады:

8 (727) 262–08–46 (ішкі 351).

Тендерлік комиссияның хатшысы: Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бас маманы Еменов Шухрат Акылжанович, тел: 262–08–46 (ішкі 351).

Қосымшалар:

1) № 1 қосымша 4 (төрт) беттегі техникалық ерекшелік;

2) № 2 қосымша 10 (он) беттегі сатып алу туралы шарттың жобасы.


[1] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

25.06.201916:52

Тендер шартымен тендер өткізу туралы хабарландыруТендер шартымен тендер өткізу туралы хабарландыру (484 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу