21.10.22
16:20

Орталық депозитарий интернет-алаяқтардан сақтандырады

Орталық депозитарий Орталық депозитарийдің корпоративтік интернет-сайтымен және электрондық порталымен жұмыс істеген кезде қырағылық танытуды ұсынады.

Егер хабарлама жіберуші сізге белгісіз болса және сіз одан хат күтпесеңіз, сілтемелерге өтпеңіз немесе тіркемеленген файлдарды ашпаңыз.

Ресми сайтқа қосылудың өтпелі шифрлаумен қорғалуы (https префиксінің болуы) тиіс екені есіңізде болсын. Сонымен қатар сайттың адресіне назар аударыңыз. Алаяқтық сайттың атауы визуалды түрде ұқсас болуы және тек бір ғана таңбаға өзгеше болуы мүмкін.

Орталық депозитарий сайтқа немесе порталға кіру үшін тіркемеленген файлдар, сілтемелер және формалар бар хаттарды жаппай email-ға таратуды ешқашан іске асырмайды.

Орталық депозитарийдің интернет-сайтының және электрондық порталының мекенжайы төменде берілген:

www.kacd.kz

sso.kacd.kz