07.10.22
11:07

2022 жылғы 21 қарашада "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) өз акционерлеріне 2022 жылғы 21 қарашада Орталық депозитарий акционерлерінің келесі мәселе бойынша кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды:

Орталық депозитарийдің 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

Аталған Жиналысқа қатысуға құқылы Орталық депозитарий акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 5 қазандағы жағдай бойынша жасалды.

Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама [KACD туралы] бөлімнің [Акционерлер үшін] шағын бөлімінде жарияланады.