22.06.22
16:48

"Депонент" АЖО жаңартылды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2022 жылғы 23 маусымнан бастап "Депонент" АЖО-ның 4.5.0.4 нұсқасына дейін жаңартылғаны туралы хабарлайды.

Жаңарту келесі өзгерістер мен түзетулерді енгізеді:

1. Қосалқы шоттармен жасалған операциялар бойынша бұйрықтардағы қателер түзетілді.

2. Қосалқы шот бойынша үзінді көшірменің баспа нысанындағы деректерді көрсету түзетілді.

3. "Депонент" АЖО-ның тұрақты жұмыс істеуі үшін бұйрықтар тізімін өңдеу және мәтіндік файлды қалыптастыру (тізім бұйрықтарды өңдегеннен кейін ғана жаңартылады) оңтайландырылды.

Жаңарту Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Клиенттік БҚ] бөлімінің [Депонент АЖО] [Жаңарту] шағын бөлімінде орналастырылды.

4.5.0.4 нұсқаға дейін жаңарту орнату үшін міндетті болып табылады. "Депонент" АЖО-ның алдыңғы нұсқалары дұрыс жұмыс істемейді.

"Депонент" АЖО-ның алдыңғы нұсқаларын сүйемелдеу және қолдау тоқтатылады.