31.05.22
09:57

2022 жылғы 27 мамырда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2022 жылғы 27 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі (Директорлар кеңесі) мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

"Есепке алу саясатына № 1 өзгерістер туралы" 1-мәселе бойынша

"1. Есепке алу саясатының № 1 өзгерістері ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Есепке алу саясатының № 1 өзгерістері бекітілген сәттен бастап қолданысқа енгізілсін. ".

"Бюджеттік қағидаларды жаңа редакцияда бекіту туралы" 2-мәселе бойынша

"1. Бюджеттік қағидалар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Бюджеттік қағидалар бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін. ".

"KASE-мен бірлесіп, трансшекаралық сауданы және шетелдік акциялармен биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуды одан әрі дамыту әдістері мен бағыттарын анықтау туралы" 3-мәселе бойынша

"1. KASE-мен бірлесіп, трансшекаралық сауданы және шетелдік акциялармен биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуды одан әрі дамытудың әдістері мен бағыттарын айқындау туралы баяндама назарға алынсын.

2. Орталық депозитарийдің Басқармасына KASE-мен бірлесіп трансшекаралық сауданы және шетелдік акциялармен биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылсын. ".

"2022 жылғы бірінші тоқсандағы 2022 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының орындалуы жөніндегі есеп туралы" 4-мәселе бойынша

"1. 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы 2022 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.

2. 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы қосымша жұмыстар жоспарының орындалуы туралы есеп (Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің шешімдеріне сәйкес) назарға алынсын".