27.05.22
15:18

Кейбір қаржы құралдарына қызмет көрсетудегі шектеулер туралы

Орталық депозитарий Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына қатысты Еуропалық Одақтың уәкілетті органдары енгізген санкцияларға байланысты, 2022 жылғы 12 сәуірден кейін шығарылған және Clearstream және Euroclear-да ескерілетін қаржы құралдарына қызмет көрсетудегі шектеулер туралы хабарлайды.

Осы шектеулер шеңберінде Орталық депозитарий 2022 жылғы 12 сәуірден кейін шығарылған және Clearstream және Euroclear-да ескерілетін қаржы құралдарын Ресей Федерациясы немесе Беларусь Республикасы азаматтарының жеке тұлғаларының қосалқы шоттарына және тіркелген елі Ресей Федерациясы немесе Беларусь Республикасы болып табылатын заңды тұлғалардың қосалқы шоттарына есептеуден бас тартатын болады.

2022 жылғы 12 сәуірден кейін шығарылған және Clearstream мен Euroclear-да ескерілетін, орындау нәтижесінде құралдарды агрегатталған есепке алу үшін депоненттің қосалқы шотына немесе номиналды ұстаушы болып табылатын клиенттің қосалқы шотына есепке алынуы мүмкін қаржы құралдарымен жасалатын операцияны/мәмілені тіркеуге бұйрық жіберілген жағдайда, Орталық депозитарий "Депонент" АЖО арқылы аттестаттау формасын ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды.

Аттестаттау формасы қосымшадағы бір парақта.