29.04.22
16:18

2022 жылғы 30 мамырда "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізіледі

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) акционерлеріне келесідей күн тәртібінде 2022 жылғы 30 мамырда Алматы уақытымен 11:00-де өзінің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының басталатыны туралы хабарлайды:

1. Орталық депозитарийдің 2021 жылдағы қызметі туралы.

2. Орталық депозитарийдің 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

3. Орталық депозитарийдің 2021 жылғы таза кірісін (табысын) бөлу тәртібі туралы.

4. Орталық депозитарийдің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің берген өтініштері туралы, сондай-ақ осындай өтініштерді қарау қорытындысы туралы.

5. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

6. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларға 2021 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы төлеу туралы.

7. Орталық депозитарийдің жарғысына № 5 өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.

Жиналыс Алматы қ., Сәтбаев к-сі 30/8 мекенжайында (Орталық депозитарийдің конференц-залы, 2ші қабат) өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен 10.30-да басталады.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар Орталық депозитарий акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша жасалады.

Жиналыста кворум болмаған жағдайда, Орталық депозитарий акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы Алматы қ., Сәтбаев к-сі 30/8 (Орталық депозитарийдің конференц-залы, 2-ші қабат) мекенжайында сол уақытта 2022 жылғы 31 мамырда өтеді. Орталық депозитарий акционерлерінің қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен 10.30-дан бастап 2022 жылғы 31 мамырда жүзеге асырылады.

Жиналыс материалдары Орталық депозитарий акционерлеріне Жиналыс өтетін күнге дейін он күн бұрын жіберіледі.

Анықтама үшін телефон: (727) 355 47 60 (ішкі 306).

Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама [KACD туралы] бөлімнің [Акционерлер үшін] шағын бөлімінде орналастырылады.