14.04.22
09:12

Орталық депозитарий: дәстүрлі брендтен инновациялық брендке

2022 жылғы сәуірде Орталық депозитарий көпшілікке ребрендинг нәтижелерін, атап айтқанда: фирмалық стильді, жаңартылған офисті және Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы ретінде өзін таныту үшін жаңа тәсілді ұсынды.

Биыл Орталық депозитарий өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы кезеңде Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін де, сондай-ақ бөлшек инвесторлар үшін де стратегиялық маңызды жобаларды іске асыра отырып, оның қызметінің барлық түрлерінің көрсеткіштерінің тұрақты қарқыны мен оң өсуін қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда Орталық депозитарийдің басты миссиясы – жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтерді сенімді және сенімгерлік жеткізуші ретінде Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесу. Нақ сондықтан Орталық депозитарий барлық қызметтер мен байланыс арналарын технологиялық жаңартуға тұрақты бағыт алды.

"Өткен жылы біз KCSD бизнесті дамыту стратегиясын жаңарттық. Оның негізгі бағыттарының бірі нарыққа қатысушылар үшін қызметтер аясын кеңейту және қолданыстағы клиенттік сервистердің ыңғайлылығын арттыру болды. "Цифрға" көшу, бірінші кезекте, клиенттің сапалы сервиске артып келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Ол үшін біз жүйелеріміздің өнімділігі мен сенімділігін арттыра отырып, IT-инфрақұрылымын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұл, әсіресе, соңғы айларда қор нарығында байқалған бөлшек инвесторлар санының тез өсуі аясында өзекті болып отыр", — дейді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Адиль Мухамеджанов.

"Цифрға" көшу бизнес-процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. Депозитарийдің қызмет көрсету аясын кеңейтуге және қазіргі бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған барлығы он жеті IT-бастама көзделген.

Негізгі бастамалар қатарында: автоматтандырылған банк жүйесін (АБЖ), инвестордың корпоративтік порталын пен факторингтік платформаны енгізу, сондай-ақ "онлайн" форматында іскерлік қатынастарды орнату үшін жеке кабинеттерді пысықтау бар. Көптеген IТ-бастамаларды іске асыруды бастау 2022 жылға белгіленіп отыр, алайда олардың бір бөлігі әзірлену үстінде. Мысалы, АБЖ және Anti-money laundering (AML) жүйелерін атап айтуға болады. Сондай-ақ бүгінде жаңа, заманауи сайт әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Оны іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.

"Бүгінгі таңда клиент сол бір COVID-19 пандемиясына қарағанда, анағұрлым дамыған және талапшыл, сондықтан біз оның сапалы тұтынушылық тәжірибеге деген сұранысын қанағаттандыруға тырысамыз. Сонымен қатар, KCSD-дің барлық жаһандық клиенттері, соның ішінде Clearstream және Euroclear халықаралық депозитарийі барынша цифрландырылуда. Сондықтан біз оған біраз IT-бастаманы енгізе отырып, Депозитарийді цифрландыру стратегиясын әзірледік", – деп қосты Адиль Мухамеджанов.

Орталық депозитарийдің трансформациясы ішкі процестерге ғана емес, бүкіл фирмалық стильге де әсер етті. Депозитарийдің жаңартылған логотипі қара жасыл түстен орындалған және "K" қызыл әрпінде нұсқар ретінде стильденген "CSD" жазуынан тұрады. Олар бірге Орталық депозитарийдің – KSCD аббревиатурасын құрайды, ол Kazakhstan Central Securities Depository дегенді білдіреді. Өткен логотиптен айырмашылығы, жаңа акцент ұйымның қазақстандық бағалы қағаздар нарығына қатыстылығын атап көрсету үшін "K" әрпінен келеді.

Нұсқардың пішіні жоғары қозғалысты, динамиканы, дамуды және өсуге деген ұмтылысты білдіреді, ал тең қашықтатылған жолақтар реттілікті, сенімділік пен ырғақты сипаттайды. Жаңа логотип оның кәсіпқойлығын көзбе-көз айқындай отырып, депозитарийдің серпінді дамуын көрсетеді.