"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2022 жылғы 8 сәуірде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін хабарлайды, олардың нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданды.
"Материалдық, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету саясатына № 8 өзгеріс пен толықтыру туралы" мәселе бойынша:
"1. Материалдық, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету саясатына № 8 өзгеріс пен толықтыру ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Материалдық, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету саясатына № 8 өзгеріс пен толықтыру бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін".
"Орталық депозитарийдің 2017–2021 жылдарға арналған даму жоспарының 2021 жылғы орындалуы туралы есеп туралы" мәселе бойынша:
Орталық депозитарийдің 2017–2021 жылдарға арналған даму жоспарының 2021 жылғы орындалуы туралы есеп бекітілсін.