05.04.22
15:55

2022 жылғы бірінші тоқсанында бөлшек инвесторлардың қосалқы шоттарының саны 44%-ға өсті

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған брокерлік шоттардың саны 313 388 құрап, 12 айда 2,1 есеге және 2022 жылдың басынан бастап 44% — ға артты. Бөлшек инвесторлардың шоттары санының ең көп өсуі ақпан айында тіркелді (плюс 69 мың шот). Наурызда бөлшек инвесторлардың базасы 22 мыңнан астам шотқа көбейді.

Бөлшек инвестордың келбеті жасарып келеді. Барлық жеке тұлғалардың-брокерлік шот иелерінің жартысына жуығын (48,2%) 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар құрайды. Жыл басынан бері 18–24 жас аралығындағы бөлшек инвесторлардың саны 2,5 есеге өсіп, 59 мың адамды құрады. Кәмелетке толмаған азаматтардың атына ашылған қосалқы шоттардың үлесі бұрынғысынша 0,1% аспайды.

"Инвесторлық базаның жасаруы нарыққа кіруіне кедергілердің төмендеуінің, бірінші кезекте жеке басты қашықтан сәйкестендіру есебінен брокерлік шотты ашу процесінің жеңілдетілуінің және жаңа цифрлық брокерлік қосымшалардың пайда болуының арқасында болады", – деп Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Адиль Мухамеджанов айтып өтті.

Сонымен қатар, бөлшек инвесторлардың ең көп үлесін әлі де 35–54 жас аралығындағы топ (35,2%) құрайды, одан кейін 25–34 жас аралығындағы топ (29,2%) келеді. Аға буын төртінші орынды иеленеді. Бұл ретте 55 жастан асқан инвесторлардың үлесі басқа топтың қарқынды өсуіне байланысты – қаңтардағы 21,2%-тен наурызда 16,6%-ке дейін қысқарды.

Бірақ гендерлік қатынаста салыстырмалы тұрақтылық байқалады. Брокерлік шот иелері арасындағы әйелдердің үлесі бір ай бұрынғыдай 42% құрайды. Абсолютті көрсеткіштерде шамалы өсім – плюс 8 701 адам байқалады. Сонымен қатар, жыл басынан бері бағалы қағаздар нарығында инвестор әйелдердің саны 1,5 есе өсті.

Өңірлерге келетін болсақ, 2022 жылғы наурызының қорытындысы бойынша қосалқы шоттардың ең көп саны республикалық маңызы бар екі қалада – Алматыда (22,8%) және Нұр-Сұлтанда (9,4%) тіркелген. Үшінші орынды Түркістан облысы алады – 9,1%. Облыс көрсеткіштері 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда, екі есеге артты. Брокерлік шоттардың ең азы солтүстікте: Қостанай облысында (3%), Ақмола облысында (2,2%) және Солтүстік Қазақстан облысында (1,4%) ашылады. Мұнда да "минус" белгісі болса да, тұрақтылық бар.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шамамен 315 мың қосалқы шот ашылды, оның 90%-ын Қазақстанның бес брокерінде ашылған.