13.01.22
09:46

Операциялық құжаттарды қабылдау мен берудің уақытша регламенті туралы

Орталық депозитарийдің интернет-сайтында 2022 жылғы 10, 11 және 12 қаңтарда орналастырылған операциялық күннің аяқталу уақытының өзгергені туралы ақпараттық хабарламалармен қатар, отырысы 2022 жылғы 10 қаңтарда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Операциялық құжаттарды қабылдау мен берудің уақытша регламенті (Уақытша регламент) бекітілгенін хабарлаймыз.

Уақытша регламент Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы" 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 725 Жарлығына байланысты әзірленді, оған сәйкес Алматы қаласының шекараларында 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 2022 жылғы 19 қаңтарға дейінгі кезеңге, сондай-ақ Алматы қаласында жалғасып жатқан контртеррористік операцияға және Интернет желісінің тұрақсыз жұмысына байланысты төтенше жағдай енгізіледі.

Уақытша регламент 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Операциялық күннің уақытша шеңберлері өзгерген жағдайда, Орталық депозитарий бұл туралы ақпаратты өзінің интернет-сайтында орналастыру арқылы уақтылы хабардар етеді.

Уақытша Регламенттің мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Операциялық Регламент] шағын бөлімінде жарияланған.