15.06.21
14:47

Орталық депозитарийдің қағидалар жинағының Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) түзетулер бекітілді

2021 жылғы 11 маусымда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру шешімімен Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 8 толықтырулар мен өзгерістер (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер мыналарды қарастырады:

– ұстаушының қосалқы шотының жаңа белгісі — "ұстаушының бірегей код бойынша ашылған қосалқы шотын" беруді;

– қосалқы шоттың жаңа түрін — құралдарды агрегатталған есепке алу үшін номиналды ұстаушының қосалқы шотын енгізуді;

- құралдарды ұстаушыларға бірегей код беру тәртібін;

- "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ға құралдарды ұстаушыларға берілген кодтар туралы ақпарат беру тәртібін;

- жеке шоттарында құралдарды агрегатталған есепке алу үшін номиналды ұстаушының қосалқы шоты ашылған депоненттерден электрондық деректерді қабылдау және сақтау тәртібін.

Түзетулер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланды.