15.06.21
14:39

Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына түзетулер бекітілді

2021 жылғы 14 маусымда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру шешімімен Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (Қағида) № 36 толықтырулар мен өзгеріс (түзетулер) бекітілді.

Жоба Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасын "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 37 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында бірегей код бойынша ұстаушының қосалқы шотын ашу мүмкіндігіне және құралдарды агрегатталған есепке алу үшін номиналды ұстаушының қосалқы шотын енгізуге байланысты құралдарды ұстаушылардың тізімін жасау бөлігінде әзірленді.

Түзетулер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланды.