11.02.21
10:19

2021 жылғы 10 ақпанда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2021 жылғы 10 ақпанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгенін хабарлайды, оның нәтижелері бойынша мынадай шешім қабылданды.

"Эксимбанк Қазақстан" АҚ және "Qazaq Banki" АҚ акцияларын сатып алу туралы" мәселе бойынша:

"1. Орталық депозитарийдің "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабы 2-тармағының нормаларына сәйкес келмейтін акционерлеріне Орталық депозитарийдің өзі шығарған жай акцияларын Орталық депозитарийдің "Акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі" деген ішкі құжатына сәйкес айқындалған бір акция үшін 200 мың теңге бағасы бойынша сату ұсынылсын.".