03.09.20
11:38

2020 жылғы 2 қыркүйекте өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 2 қыркүйекте Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгенін хабарлайды, оның нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және осы жиналыстың күн тәртібін қалыптастыру туралы" мәселе бойынша

"1. Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын сырттай дауыс беруді өткізу жолымен шақыру және оның келесі күн тәртібін бекіту:

1) "Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы беру және олардың шығыстарын төлеу қағидасына № 2 өзгеріс туралы";

2) "Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына – мүшелеріне 2020 жылғы 1 маусымнан бастап сыйақыны өзгерту туралы";

3) "Орталық депозитарийдің 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігінің аудиті мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы".

2. 2020 жылғы 20 қазанда сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдер бойынша дауыстардың есебі (бұдан әрі – Жиналыс) анықталсын.

3. Жиналыста дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде Орталық депозитарий акционерлерінен 2020 жылғы 20 қазанда Алматы уақытымен 18.00-ге дейін алынған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер есепке алынсын.

4. Жиналыста дауыс беруге құқығы бар Орталық депозитарий акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 4 қыркүйектегі Алматы уақытымен 00.00-дегі жағдай бойынша жасалсын. ".

"Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы беру және олардың шығыстарын төлеу қағидасына № 2 өзгеріс туралы" мәселе бойынша

"Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына мынадай шешім қабылдау ұсынылсын:

"1. Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы беру және олардың шығыстарын төлеу қағидасына № 2 өзгеріс бекітілсін.

2. Бекітілген күннен бастап осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Директорлар кеңесінің мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы беру және олардың шығыстарын төлеу қағидасына № 2 өзгеріс қолданысқа енгізілсін.

3. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Директорлар кеңесінің мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы беру және олардың шығыстарын төлеу қағидасына № 2 өзгерістердің қолданылуы 2020 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылатыны белгіленсін. ". ".

"Орталық депозитарийдің 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігінің аудиті мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы" мәселе бойынша

"Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына келесідей шешімді қабылдау ұсынылсын:

"Орталық депозитарийдің 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым "BDO Kazakhstan" ЖШС болып анықталсын. ". ".