17.07.20
16:22

2020 жылғы 17 шілдеде өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 17 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгенін хабарлайды, оның нәтижесі бойынша мынадай шешім қабылданды.

"Орталық депозитарий қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша жұмыс барысы туралы" мәселе бойынша:

"Орталық депозитарий қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша жұмыс барысы туралы аралық баяндама назарға алынсын. ".