17.07.20
15:35

Қағидалар жинағының құрамына кіретін құжаттарға түзетулерді қолданысқа енгізу күнін ауыстыру туралы

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) "Қазақстан қор биржасы" АҚ қор нарығы үшін ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға қосу күнін ауыстыруға байланысты Қағидалар жинағының құрамына кіретін келесідей құжаттарға түзетулерді қолданысқа енгізу күні 2020 жылғы 3 тамызға өзгергені туралы хабарлайды:

- Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 13 наурыздағы шешімімен бекітілген Банк операцияларының жеклееген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгерістер мен толықтыру;

– Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 13 наурыздағы шешімімен бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 27 өзгерістер мен толықтырулар;

- Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы шешімімен бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 29 толықтырулар;

– Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы шешімімен бекітілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 3 өзгерістер;

– Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 3 шілдедегі шешімімен бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 30 өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4 және 5 тармақтары.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ қор нарығы үшін ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға қосу күні өзгерген жағдайда, жоғарыда көзделген түзетулерді қолданысқа енгізу күні де өзгеретін болады, бұл туралы қосымша хабарланады.