15.07.20
09:48

2020 жылғы 10 шілдеде өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 10 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгенін хабарлайды, оның нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"Орталық депозитарийде бизнес-процестерді жобалауды ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыс жөніндегі баяндама туралы" мәселе бойынша:

"Орталық депозитарийде бизнес-процестерді жобалауды ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы баяндама назарға алынсын. ".

"Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жағдайын талдау нәтижелері (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелері) бойынша қорытынды және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырағыштығы және 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат туралы" мәселе бойынша:

"Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жағдайын талдау нәтижелері (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелері) бойынша қорытынды және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырағыштығы және 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат назарға алынсын. ".

"2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің мәнін есептеу туралы" мәселе бойынша:

"2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің мәні назарға алынсын. ".

"Орталық депозитарийдің 2020 жылға арналған бюджетінің бірінші тоқсандағы орындалуы жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша:

"Орталық депозитарийдің 2020 жылға арналған бюджетінің бірінші тоқсандағы орындалуы жөніндегі есеп назарға алынсын. ".

"2020 жылғы бірінші тоқсандағы тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат туралы" мәселе бойынша:

"2020 жылғы бірінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпараты назарға алынсын. ".

"Қызметтің басым бағыттарына қатысты тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгеріс туралы" мәселе бойынша:

"1. Қызметтің басым бағыттарына қатысты тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгеріс ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Қызметтің басым бағыттарына қатысты тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгеріс қолданысқа оны бекіткен күннен келесі бірінші жұмыс күнінен бастап енгізіледі. ".