14.07.20
10:52

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына Кіріспеге түзету бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 9 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына Кіріспеге № 3 өзгеріс (түзету) бекітілді.

Түзету Орталық депозитарийдің қағидалар жинағының құрамына кіретін құжаттар тізбесінен қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібінен тұратын құжатты алып тастауды қамтиды.

Түзету оны бекіткен күннен бастап 20 күнтізбелік күн аяқталғанда қолданысқа енгізіледі.

Түзетуге сәйкес жаңартылған Қағида мәтіні Орталық депозитарий интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Қағидалар жинағына Кіріспе] шағын бөлімінде жарияланады.