14.07.20
10:50

Сәйкестендіру нөмірін беру қағидасына түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 9 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Сәйкестендіру нөмірін беру қағидасына № 3 өзгерістер (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер Сәйкестендіру нөмірін беру қағидасын 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-II "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 3-тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында, сондай-ақ көзделген Қағидада пайдаланылатын ұғымдарды, терминдерді және шартты белгілерді "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына Кіріспеге 10-бабының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында әзірленді.

Түзетулер оларды бекіткен күннен бастап 25 күнтізбелік күн аяқталғанда қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағида мәтіні Орталық депозитарий интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Сәйкестендіру нөмірін беру] шағын бөлімінде жарияланады.