14.07.20
10:47

Төлем агенті функцияларын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету қағидасына түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 9 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Төлем агенті функцияларын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету қағидасына № 2 толықтыру мен өзгеріс (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер Төлем агенті функцияларын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету қағидасын 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-II "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 3-тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында әзірленді және төлем агенті ретінде Орталық депозитарийдің қызметін пайдаланатын эмитенттің Орталық депозитарийге оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналдық құнын және/немесе облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі өзінің міндеттерін орындамау немесе тиісті орындамау, ковенанттарды және/немесе облигациялар бойынша өзге шектеулерді бұзушылық фактілері туралы хабарлау міндетін қарастырады.

Түзетулер оларды бекіткен күннен бастап 25 күнтізбелік күн аяқталғанда қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағида мәтіні Орталық депозитарий интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Төлем агенті қызметін көрсету] шағын бөлімінде жарияланады.