14.07.20
10:42

Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 9 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 28 өзгерістер (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасын "Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңның 18–2 бабының 6-тармағына сәйкестікке келтіру мақсатында, сондай-ақ көзделген Қағидада пайдаланылатын ұғымдарды, терминдерді және шартты белгілерді "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына Кіріспеге 10-бабының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында әзірленді.

Түзетулер оларды бекіткен күннен бастап 25 күнтізбелік күн аяқталғанда қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағида мәтіні Орталық депозитарий интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланады.