14.07.20
10:31

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 9 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен төмендегілер бекітілді:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына Кіріспеге № 2 толықтырулар (түзетулер);

Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 2 өзгерістер (түзетулер);

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 3 өзгерістер (түзетулер);

Операциялық құжаттарды қабылдау және беру қағидасына № 1 өзгеріс (түзету).

Түзетулер Орталық депозитарийдің қағидалар жинағына кіретін Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында пайдаланылатын ұғымдарды, терминдерді және шартты белгілерді "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Қағидалар жинағына кіріспеге 10-бабының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында әзірленді.

Түзетулер оларды бекіткен күннен бастап 25 күнтізбелік күн аяқталғанда қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына Кіріспе мәтіні Орталық депозитарий интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Қағидалар жинағына Кіріспе] шағын бөлімінде жарияланады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасының (жалпы бөлім) мәтіні Орталық депозитарий интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасының мәтіні Орталық депозитарий интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру] шағын бөлімінде жарияланады.

Түзетуге сәйкес жаңартылған Операциялық құжаттарды қабылдау және беру қағидасының мәтіні Орталық депозитарий интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Операциялық құжаттарды қабылдау және беру] шағын бөлімінде жарияланады.