03.07.20
20:33

Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Тізілімдер жүйесін жүргізу қағидасына түзетулер бекітілді

Сырттай отырысы 2020 жылғы 3 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Тізілімдер жүйесін жүргізу қағидасына № 3 өзгерістер мен толықтыру (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында дайындалды.

Түзетулер тіркелген тұлға мен пайларды ұстаушының инвестицияларға қатысу шартын қарастыратын сақтандыру ұйымының арасындағы сақтандыру шартының шеңберінде сатып алынған пайлармен жасалған мәмілелерді есепке алу мен тіркеуден тұрады.

Түзетулер 2020 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде орыс тілінде жарияланды.