03.07.20
20:04

Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына түзетулер бекітілді

Сырттай отырысы 2020 жылғы 3 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 30 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында, сондай-ақ ұйымдастырылған нарықта жасалған тікелей репо операциясын тіркеу тәртібін нақтылау мақсатында дайындалды.

Түзетулер:

1. Пайларды ұстаушылардың инвестицияларға қатысу шартын қарастыратын сақтандыру шарты шеңберінде сатып алынған пайлармен жасалған операцияларды есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыру тәртібін анықтау мақсатында 2020 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін толықтырулардан.

2. 2020 жылғы 20 шілдеден бастап, алайда "Қазақстан қор биржасы" АҚ ресми хатында көзделген қор нарығы үшін ASTS+ сауда-саттық-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға қосқан күннен бері қолданысқа енгізілетін қор нарығы үшін ASTS+ сауда-саттық-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға қосқан күннен кейін ұйымдастырылған нарықта жасалған тікелей репо операциясын тіркеу тәртібін нақтылаудан тұрады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде орыс тілінде жарияланды.