03.07.20
20:01

Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) түзетулер бекітілді

Сырттай отырысы 2020 жылғы 3 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 4 толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында дайындалды.

Түзетулер ұстаушылардың жеке шоттары бөлімдерінің тізбесін және пайларды ұстаушылардың инвестицияларға қатысу шартын қарастыратын сақтандыру шарты шеңберінде сатып алынған пайларды есепке алу үшін жеке бөлімдегі қосалқы шотты ұстаушылар бөлімдерінің тізбесін толықтырудан тұрады.

Түзетулер 2020 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде орыс тілінде жарияланды.