03.07.20
18:05

2020 жылғы 3 шілдеде өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 3 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгенін хабарлайды, оның нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 4 толықтырулар туралы" мәселе бойынша:

"1. Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 4 толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген № 4 толықтырулар 2020 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін. ".

"Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 30 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша:

"1. Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 30 өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген № 30 өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2 және 6-тармақтары 2020 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.

3. Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген № 30 өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4 және 5-тармақтары 2020 жылғы 20 шілдеден бастап, алайда "Қазақстан қор биржасы" АҚ ресми хатында көзделген қор нарығы үшін ASTS+ сауда-саттық-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға қосқан күннен бері қолданысқа енгізілсін. ".

"Тізілімдер жүйесін жүргізу қағидасына № 3 өзгерістер мен толықтыру туралы" мәселе бойынша:

"1. Тізілімдер жүйесін жүргізу қағидасына № 3 өзгерістер мен толықтыру ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Тізілімдер жүйесін жүргізу қағидасына осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген № 3 өзгерістер мен толықтыру 2020 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін. ".