02.07.20
17:07

2020 жылғы 2 шілдеде өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 2 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгенін хабарлайды, оның нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы" мәселе бойынша:

"Биртанов Есжан Амантаевич Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлансын. ".

"Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған немесе мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда, оны алмастыру құқығы бар тұлғаны сайлау туралы" мәселе бойынша:

"Джолдасбеков Азамат Мырзаданович Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған немесе мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда, оны алмастыруға құқығы бар тұлға ретінде сайлансын. ".