12.06.20
18:23

2020 жылғы 29 мамырда өткізілген Орталық депозитарий акционерлерінің қайталама жылдық жалпы жиналысының нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 29 мамырда акционерлерінің қайталама жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – жиналыс) өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:

"Орталық депозитарийдің 2019 жылғы қызметі туралы" жиналыстың күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша:

1. Орталық депозитарий Басқармасы мен Директорлар кеңесінің жұмысы 2019 жылы қанағаттанарлық деп танылсын.

2. 2019 жылғы Орталық депозитарийдің жылдық есебі назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы" жиналыстың күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша

Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін және Орталық депозитарий Басқармасына осы есептілікті Орталық депозитарийдің интернет-сайтына (www.kacd.kz) жариялауды, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийіне орналастыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.

"Орталық депозитарийдің 2019 жылғы таза кірісін (пайдасын) бөлу тәртібі туралы" жиналыстың күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша

"Орталық депозитарийдің меншікті капиталы құрамындағы 787 709 841,97 теңге сомасындағы 2019 жылғы таза кірісі (пайдасы) Орталық депозитарий мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арасында жасалған 2018 жылғы 14 тамыздағы № 387ҰБ клиент активтерін сенімгерлік басқару шартының шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (сенімгерлік басқарушы ретінде) Орталық депозитарийдің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды қарастыратын Орталық депозитарийді дамытуға бағыттауға қалдырылсын.

"Орталық депозитарийдің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің өтініштері туралы, сондай-ақ осындай өтініштерді қарау қорытындысы туралы" жиналыстың күн тәртібіндегі 4-ші мәселе бойынша

Орталық депозитарийдің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің өтініштерінің 2019 жылы болмағаны туралы ақпарат назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат" жиналыстың күн тәртібінің 5-мәселесі бойынша

Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

"2019 жылғы қорытынды бойынша Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесі мүшесіне сыйақы туралы" жиналыстың күн тәртібінің 6 мәселесі бойынша

2019 жылғы қорытынды бойынша Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мөлшері белгіленсін.

Орталық депозитарийдің жарғысына № 1 түзетулерді бекіту туралы” жиналыстың күн тәртібінің 7 мәселесі бойынша

1. Орталық депозитарийдің жарғысына № 1 түзетулер Е. А. Биртановтың ұсыныстарын ескере отырып, аталған түзетулерді осы шешімді қабылдаған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізумен бекітілсін.

2. Орталық депозитарийдің Президенті (немесе оны алмастыратын тұлға) Орталық депозитарийдің жарғысына № 1 түзетулерге қол қоюға уәкілеттенсін.

3. Орталық депозитарий акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген Орталық депозитарийдің барлық ішкі құжаттарындағы әртүрлі септіктердегі "Президент" және "Вице-президент" сөзі (Орталық депозитарийдің атқарушы органының басшысы және оның орынбасар (лары) ы лауазымының атауы ретінде) тиісті септіктердегі "Басқарма төрағасы", "Басқарма төрағасының орынбасары" сөздерімен алмастырылсын.

"Акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне № 2 түзетулерді бекіту туралы" жиналыстың күн тәртібіндегі 8-ші мәселе бойынша

"Акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне № 2 түзетулер аталған түзетулерді осы шешімді қабылдаған күннен келесі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізумен бекітілсін.

Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің құрамы туралы" жиналыстың күн тәртібіндегі 9-шы мәселе бойынша

1. Директорлар кеңесінің құрамы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкілін, Орталық депозитарийдің екі тәуелсіз директорын, Орталық депозитарий акционерлерінің екі өкілін, Орталық депозитарий Басқармасының төрағасын қоса алғанда, алты адам санында анықталсын.

2. Биртанов Есжан Амантаевич Орталық депозитарий акционерінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі) өкілі ретінде Директорлар кеңесінің қалған мүшелерінің өкілеттік мерзімімен бір мезгілде, яғни Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2022 жылы өткізу кезінде аяқталатын өкілеттік мерзіммен Директорлар кеңесінің мүшесі болып қайта сайлансын.

3. Осы шешімнің 1 және 2-тармақтарын ескере отырып, Директорлар кеңесінің келесідей құрамы анықталсын:

1) Биртанов Есжан Амантаевич – Орталық депозитарий акционерінің өкілі;

2) Джолдасбеков Азамат Мырзаданович – Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры;

3) Карагусов Фархад Сергеевич – Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры;

4) Сабитов Идель Марсильевич – Орталық депозитарий акционерінің өкілі;

5) Хаджиева Мария Жамаловна – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкілі;

6) Орталық депозитарий Басқармасының төрағасы (оны белгіленген тәртіппен сайлағаннан кейін).

4. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің сандық құрамын және өкілеттік мерзімін анықтау туралы, Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы, Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің мүшелеріне белгіленген ай сайынғы сыйақы мөлшері туралы" мәселе бойынша Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімін (2019 жылғы 30 мамырдағы № 1 хаттама) өзгерту үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарийдің әрбір тәуелсіз директорына белгіленген ай сайынғы сыйақы анықталсын.

5. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің сандық құрамын және өкілеттік мерзімін анықтау туралы, Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы, Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің мүшелеріне белгіленген ай сайынғы сыйақы мөлшері туралы" мәселе бойынша Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімін (2019 жылғы 30 мамырдағы № 1 хаттама) өзгерту үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысына қатысқаны үшін Директорлар кеңесінің әрбір мүшесіне — Орталық депозитарийдің тәуелсіз директорына қосымша сыйақы төлеу мөлшері мен тәртібі, шарты белгіленсін.

"Орталық депозитарий Президенті Б. Х. Капышевпен еңбек шартын бұзу туралы" жиналыстың күн тәртібіндегі 10-шы мәселе бойынша

Директорлар кеңесінің төрағасына Орталық депозитарийдің атынан 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Орталық депозитарий Президенті Б. Х. Капышевпен еңбек шартын бұзу тапсырылсын.