11.06.20
11:07

Қағидалар жинағының құрамына кіретін құжаттарға түзетулерді қолданысқа енгізу туралы

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) "Қазақстан қор биржасы" АҚ қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға беру күнінің ауысуымен байланысты, Қағидалар жинағының құрамына кіретін мынадай құжаттарға түзетулерді қолданысқа енгізу күні 2020 жылғы 20 шілдеге өзгертілді:

– Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 13 наурыздағы шешімімен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына №2 өзгерістер мен толықтыру;

– Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 13 наурыздағы шешімімен бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 27 өзгерістер мен толықтырулар;

– Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы шешімімен бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 29 толықтырулар;

– Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы шешімімен бекітілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 3 өзгерістер.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға беру күні өзгертілген жағдайда, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген түзетулерді қолданысқа енгізу күні де өзгертілетін болады, ол туралы қосымша хабарланады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағидалар жинағының құрамына кіретін құжаттардың мәтіндері Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінде жарияланды.