29.05.20
18:04

Қағидалар жинағының Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 29 мамырда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 3 өзгерістер (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға KASE іске қосу шеңберінде ұйымдастырылған нарықта құралдармен мәмілелерді (операцияларды) тіркеу тәртібін өзгертумен байланысты дайындалды.

Түзетулер "сауда-саттыққа қатысушының қосалқы шоты" белгісімен қосалқы шоттардың "KASE" және "репо" бөлімдерінде есепке алынатын құралдар туралы ақпаратты KASE ұсыну тәртібін нақтылауды және "сауда-саттыққа қатысушының қосалқы шоты" белгісімен құралдарды жөнелтушінің қосалқы шоты бойынша ұйымдастырылмаған қаржы нарығында жасалған (жүзеге асырылған) мәмілені (операцияларды) тіркеу мүмкіндігін KASE тексеруін алып тастауды қарастырады.

Түзетулер 2020 жылғы 15 маусымда қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесін (екінші релиз) өнеркәсіптік пайдалануға беру күні туралы "Қазақстан қор биржасы" АҚ хабарламасына сәйкес қолданысқа енгізіледі.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға беру күні өзгертілген жағдайда, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген түзетулерді қолданысқа енгізу күні де өзгертілетін болады, ол туралы қосымша хабарланады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланды.