29.05.20
17:55

Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 29 мамырда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 29 өзгерістер (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларына сәйкес “репо” операциясын жіктемеге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Түзетулерде қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін, орталық контрагенттің қатысуымен “автоматты” әдіспен жүзеге асырылатын репо операциясын тіркеу тәртібін нақтылаулар бар.

Түзетулер 2020 жылғы 15 маусымда қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің (екінші релизін) өнеркәсіптік пайдалануға беру күні туралы "Қазақстан қор биржасы" АҚ хабарламасына сәйкес қолданысқа енгізіледі.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға беру күні өзгертілген жағдайда, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген түзетулерді қолданысқа енгізу күні де өзгертілетін болады, ол туралы қосымша хабарланады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланды.