29.05.20
17:04

2020 жылғы 29 мамырда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 29 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

"Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 29 толықтырулар туралы" мәселе бойынша:

"1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакциядағы Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 29 толықтырулар бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 29 толықтырулар бекітілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін, бірақ "Қазақстан қор биржасы" АҚ ресми хатында көрсетілген қор нарығына арналған ASTA+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизі өнеркәсіптік пайдалануға берілген күннен кейін қолданысқа енгізілсін".

"Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 3 өзгерістер туралы (жалпы бөлім) " мәселе бойынша:

"1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакциядағы "Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 3 өзгерістер (жалпы бөлім) " бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 3 өзгерістер (жалпы бөлім) бекітілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін, бірақ "Қазақстан қор биржасы" АҚ ресми хатында көрсетілген қор нарығына арналған ASTA+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға берілген күннен кейін қолданысқа енгізілсін.