01.06.20
09:00

Жазбаша аударма бойынша қызметті сатып алу

Баға ұсынысын сұрату әдісімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын қызметтің атауы: Жазбаша аударма бойынша қызмет.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын есептемегенде, 2 821 428 (екі миллион сегізжүз жиырма бір мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге 57 тиын.

4. Қызметтің көлемі: Қызмет.

5. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

6. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі: Сатып алу шарт күшіне енген күннен бастап және қызметті 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда көрсетеді.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы шарт жобасына қосымша.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: Әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімі: – Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2020 жылғы "1" маусым 09:00 сағаттан бастап 2020 жылғы "5" маусым 17:00 cағатқа дейін.

10. Баға ұсыныстарын ашу орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28, 2020 жылғы "8" маусым 10 сағат 00 минут.

11. Маңызды шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы: хабарландыру мәтініне қоса беріледі (сатып алуды өткізу туралы хабарландыруға № 2 қосымша).

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын қызметтер лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды көрсетуі тиіс:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және почталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және почталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіру құқығы бар өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру түрі болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің http://www.kacd.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын қызметтер лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын қызметтер лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.

8. Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: + 7 (727) 262 08 46 (ішкі 350).

29.05.202015:42

Жазбаша аударма бойынша қызметті сатып алу туралы хабарландыруЖазбаша аударма бойынша қызметті сатып алу туралы хабарландыру (66 KB)