29.05.20
15:09

2020 жылғы 27 мамырда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 27 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

"РТРС" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы туралы" мәселе бойынша:

1. 2020 жылғы 28 мамырда өткізуге тағайындалған "РТРС" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында (бұдан әрі – Жиналыс) Орталық депозитарийдің өкіліне мынадай әдіспен дауыс беру тапсырылсын:

1) Жиналысты өткізумен байланысты рәсімдік мәселелер бойынша – Орталық депозитарийдің мүддесін негізге ала отырып, өзінің қалауы бойынша дауыс беру;

2) Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы мәселе бойынша – "жақтаймын" нұсқасы бойынша дауыс беру;

3) Жиналыстың күн тәртібінің мәселесі бойынша ("РТРС" ЖШС Бақылау кеңесінің сандық құрамын өзгерту туралы. "РТРС" ЖШС Бақылау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы) "РТРС" ЖШС Бақылау кеңесінің сандық құрамын төрт адам санында анықтауға, "РТРС" ЖШС Бақылау кеңесінің мүшелері Гришко Михаил Валерьевичтің және Мажекенов Ермек Булатовичтің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берілсін.

2. Жиналыс өткізілмеді деп танылған жағдайда, Орталық депозитарий өкіліне берілген өкілеттіктер "РТРС" ЖШС қатысушыларының қайталама жалпы жиналысында өз күшін сақтайды.

"2020 жылғы бірінші тоқсан үшін 2020 жылғы Ішкі аудит қызметін тексерулер жоспарын орындау туралы есебі туралы" мәселе бойынша:

2020 жылғы бірінші тоқсан үшін 2020 жылғы Ішкі аудит қызметін тексерулер жоспарын орындау туралы есеп назарға қабылдансын.