29.05.20
11:04

Қағидалар жинағының құрамына кіретін құжаттарға түзетулерді қолданысқа енгізу туралы

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның қор нарығына (екінші релиз) арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесін өндірістік пайдалануға беру күні туралы хабарламасына сәйкес 2020 жылғы 15 маусымнан бастап Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгерістер мен толықтыру, сондай-ақ Орталық депозитарий Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 13 наурыздағы шешімімен бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 27 өзгерістер және толықтырулар қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлайды.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ қор нарығына арналған ASTS+ сауда-клирингтік жүйесінің екінші релизін өндірістік пайдалануға беру күні өзгертілген жағдайда, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген түзетулерді қолданысқа енгізу күні өзгертілетін болады, ол туралы қосымша хабарланады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағидалар жинағының құрамына кіретін құжаттардың мәтіндері Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінде жарияланды.