26.05.20
14:18

"Депонент" АЖО 4.3.6.0 бағдарламалық қамсыздандырудың жаңа нұсқасын енгізу

Орталық депозитарий бұйрықтарды қосарлап енгізу талаптарының күшін жою рәсіміне өзгерістер енгізуге байланысты, сондай-ақ бағдарламалық қамсыздандырудың өнімділігін арттыру мақсатында 2020 жылғы 28 мамырдан бастап "Депонент" АЖО 4.3.6.0 бағдарламалық қамсыздандырудың жаңа нұсқасының қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлайды.

Жаңа нұсқада функционалды өзгерту жүргізілген, атап айтқанда:

- Орталық депозитарий клиенттері үшін бұйрықтарды қосарлап енгізу талаптарының күшін жою;

- МТ-хабарламаны, оның ішінде депонент клиенттеріне шот ашуға арналған хабарламаны жіберуде қосымша қолмен растауды алып тастау.

Қосарлы енгізу функционалы бар "Депонент" АЖО 4.3.5.1 нұсқасы да пайдаланылады.

"Депонент" АЖО 4.3.6.0 бағдарламалық қамсыздандырудың жаңа нұсқасы 2020 жылғы 28 мамырда [Клиенттік БҚ] бөлімінің ["Депонент" АЖО] [Жаңарту] шағын бөлімінде орналастырылады.