21.05.20
09:09

2020 жылғы 15 мамырда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 15 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша төмендегідей шешім қабылданды:

"Орталық депозитарий Президенті Б. Х. Капышевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" мәселе бойынша:

1. Орталық депозитарий Президенті Б. Х. Капышевтің өкілеттігі 2020 жылғы 1 маусымнан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. Орталық депозитарий Президенті Б. Х. Капышевтің істерін қабылдау-беру жөніндегі шараларды өткізу бойынша хаттамаға сәйкес құрамда Жұмыс комиссиясы (бұдан әрі – Жұмыс комиссиясы) құрылсын.

3. Жұмыс комиссиясы осы шешім қабылданған күннен бастап екі апта мерзімде 2020 жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша Орталық депозитарий Президенті Б. Х. Капышевтің істерін қабылдау-беру жөніндегі шараларды жүзеге асырсын.

4. Істерді қабылдау-беру бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында Жұмыс комиссиясы хаттамаға сәйкес материалдарға (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазірге дейін) талдау жасасын.

5. Орталық депозитарий Президенті Б. Х. Капышев Орталық депозитарий Вице-президенті А. А. Шатановқа істерді беруді жүзеге асырсын.

6. Орталық депозитарий Вице-президенті А. А. Шатанов Орталық депозитарий Президенті Б. Х. Капышевтің істерін белгіленген тәртіппен қабылдасын.