20.05.20
17:52

2020 жылғы 13 мамырда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 13 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

"Ішкі аудит қызметінің 2019 жылға арналған тексеру жоспарының орындалуы жөніндегі қорытынды есеп туралы" мәселе бойынша:

Ішкі аудит қызметінің 2019 жылға арналған тексеру жоспарының орындалуы туралы қорытынды есеп бекітілсін.

"2019 жылдағы аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу және кемшіліктерді жою бойынша қорытынды есеп туралы" мәселе бойынша:

2019 жылдағы аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу және кемшіліктерді жою бойынша қорытынды есеп бекітілсін.

"2020 жылдың бірінші тоқсанындағы аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу және кемшіліктерді жою бойынша есеп туралы" мәселе бойынша:

2020 жылдың бірінші тоқсанындағы аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу және кемшіліктерді жою бойынша есеп назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің балансынан негізгі құралдарды есептен шығару туралы" мәселе бойынша:

Келесідей негізгі құралдар Орталық депозитарийдің балансынан есептен шығарылсын:

1) HP 4550 (з) принтері (түгендеу № 140101);

2) HP Q2476A LaserJet 2300 (з) принтері (түгендеу № 140501);

3) HP LJ 2300 DN (з) принтері (түгендеу № 140502);

4) HP LJ 2300 DN (з) принтері (түгендеу № 140503).

"Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы" мәселе бойынша:

2020 жылғы 28 мамырда өткізуге тағайындалған Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі келесідей мәселемен толықтырылсын:

"9. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің құрамы туралы.".