20.05.20
17:49

2020 жылғы 11 мамырда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 11 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

"Орталық депозитарийдің 2020 жылға арналған бюджетіне № 3 өзгерістер туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарийдің 2020 жылға арналған бюджетіне № 3 өзгерістер ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

"Орталық депозитарийдің 2019 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарийдің 2019 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есеп бекітілсін.

"Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің құрамы туралы" мәселе бойынша:

1. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімін (2019 жылғы 6 маусымдағы отырыстың № 43 хаттамасы) өзгерту үшін Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің сандық құрамы төрт адам санында анықталсын.

2. Осы шешімді қабылдаған күннен бастап Хаджиева Мария Жамаловна, ал ол болмаған жағдайда — Медеу Едиль Ахметқалұлы Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайлансын.