14.05.20
09:00

Орталықтандырылған басқарудағы аппараттық қуаттарды виртуалдандыру жүйесін техникалық қолдауды (консультацияны) ұзартуды (жаңартуды) ұсыну бойынша қызметті сатып алу

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын қызметтің атауы: Орталықтандырылған басқарудағы аппараттық қуаттарды виртуалдандыру жүйесін техникалық қолдауды (консультацияны) ұзартуды (жаңартуды) ұсыну бойынша қызмет.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын есептемегенде, 1 892 262 (бір миллион сегіз жүз тоқсан екі мың екі жүз алпыс екі) теңге 50 тиын.

4. Қызметтің көлемі: Қызмет.

5. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28

6. Қызметті орындаудың талап етілетін мерзімі: Тапсырыс беруші Қызмет көрсетуге өтінім берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, алайда 2020 жылғы 11 шілдеден кешіктірмей.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы шарт жобасында.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: Әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімі: – Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2020 жылғы "14" мамыр сағат 09:00-ден бастап 2020 жылғы "20" мамырдағы 17:00 cағатқа дейін.

10. Баға ұсыныстарын ашу орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша 2020 жылғы "21" мамыр 10 сағат 00 минут.

11. Қолайлы шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: хабарландыру жобасына қоса беріледі.

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын қызметтер лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және почталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және почталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін ұсыну құқығымен өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын қызметтер лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын қызметтер лицензиялауға жатқанда көрсетіледі) .

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.

8. Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: + 7 (727) 262 08 46 (ішкі 350).

14.05.202008:47

Орталықтандырылған басқарудағы аппараттық қуаттарды виртуалдандыру жүйесін техникалық қолдауды (консультацияны) ұзартуды (жаңартуды) ұсыну бойынша қызметті сатып алу туралы хабарландыруОрталықтандырылған басқарудағы аппараттық қуаттарды виртуалдандыру жүйесін техникалық қолдауды (консультацияны) ұзартуды (жаңартуды) ұсыну бойынша қызметті сатып алу туралы хабарландыру (66 KB)