14.05.20
11:44

Орталық депозитарий өзінің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы хабарлайды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) бұрын (2020 жылғы 28 сәуірдегі № 11–07/3850 хатпен) өзінің акционерлеріне төмендегідей күн тәртібімен 2020 жылғы 28 мамырда Алматы уақытымен 11.00-ден бастап Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (Жиналыс) жүргізу туралы хабарлаған:

1. Орталық депозитарийдің 2019 жылдағы қызметі туралы.

2. Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

3. Орталық депозитарийдің 2019 жылғы таза кірісін (табысын) бөлу тәртібі туралы.

4. Орталық депозитарийдің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің берген өтініштері туралы, сондай-ақ осындай өтініштерді қарау қорытындысы туралы.

5. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

6. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің мүшелері – тәуелсіз директорларға сыйақы беру туралы

7. Орталық депозитарийдің жарғысына № 1 түзетулерді бекіту туралы.

8. Акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын анықтау әдістемесіне № 2 түзетулер туралы.

Орталық депозитарийдің жиналысын өткізу туралы жоғарыда көзделген хабарламаға толықтыру ретінде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімімен (2018 жылғы 13 мамырдағы сырттай дауыс берудің № 23 (с) хаттамасы) Жиналыстың күн тәртібі келесідей мәселемен толықтырылғанын хабарлайды:

9. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

Жиналыс материалдары Жиналыс жүргізілген күнге дейін 10 күн бұрын Орталық депозитарий акционерлеріне жіберілетін болады.

Анықтамалар телефоны: + 7 (727) 355 47 60 (ішкі 306).

Жиналыстың күн тәртібін толықтыру туралы хабарлама [KACD туралы] бөлімнің [Акционерлер үшін] шағын бөлімінде орналастырылды.