01.05.20
18:07

Операциялық құжаттарды қабылдау және беру уақытша регламентіне түзетулер бекітілді

Отырысы 2020 жылғы 30 сәуірде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Операциялық құжаттарды қабылдау және беру уақытша регламентіне (уақытша Регламент) № 1 өзгерістер (түзетулер) бекітілді.

Уақытша Регламентке түзетулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 30 сәуірдегі № 121 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің № 206 "Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы" бірлескен бұйрығымен Орталық депозитарийдің жұмыс кестесін 2020 жылғы 4 мамырдан бастап 10 мамырға дейінгі кезеңде Алматы уақытымен 09.00 бастап 17.00-ге дейін белгілеуге байланысты әзірленді.

Түзетулер Орталық депозитарийдің операциялық күнінің уақытша шегіндегі өзгерістерден тұрады.

Уақытша Регламентке түзетулер 2020 жылғы 4 мамырдан бастап 6 мамырға дейінгі кезеңде қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған уақытша Регламенттің мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Операциялық Регламент] шағын бөлімінде орыс тілінде жарияланған.