28.04.20
19:37

2020 жылғы 28 мамырда "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізіледі

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) акционерлеріне келесідей күн тәртібінде 2020 жылғы 28 мамырда Алматы уақытымен 11:00-де өзінің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының басталатыны туралы хабарлайды

1. Орталық депозитарийдің 2019 жылдағы қызметі туралы.

2. Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

3. Орталық депозитарийдің 2019 жылғы таза кірісін (табысын) бөлу тәртібі туралы.

4. Орталық депозитарийдің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің берген өтініштері туралы, сондай-ақ осындай өтініштерді қарау қорытындысы туралы.

5. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

6. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларға 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы төлеу туралы.

7. Орталық депозитарийдің жарғысына № 1 түзетулерді бекіту туралы.

8. Акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне № 2 түзетулерді бекіту туралы.

Жиналыс Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайында (Орталық депозитарийдің конференц-залы, 2ші қабат) өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен 10.30-да басталады.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар Орталық депозитарий акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша жасалатын болады.

Жиналыста кворум болмаған жағдайда, Орталық депозитарий акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28 (Орталық депозитарийдің конференц-залы, 2-ші қабат) мекенжайында сол уақытта 2020 жылғы 29 мамырда өтеді. Орталық депозитарий акционерлерінің қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен 10.30-дан бастап 2020 жылғы 29 мамырда жүзеге асырылады.

Жиналыс материалдары Орталық депозитарий акционерлеріне Жиналыс өтетін күнге дейін 10 күн бұрын жіберіледі.

Анықтама үшін телефон: (727) 355 47 60 (ішкі 306).

Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама [KACD туралы] бөлімнің [Акционерлер үшін] шағын бөлімінде орналастырылады.